2 ұзақ уақыт бойы пайдаланбау, 3 тоңазытқыш мұзын жібіту, 4 тоңазытқыш қырауын еріту – Electrolux ENN2853AOW Manuel d'utilisation

Page 54

Advertising
background image

жылы суға шайылған жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз.

Жуғыш заттарды немесе түрпілі

түйірлері бар пастаны қолданбаңыз,

себебі мұндай заттар құрылғының

сыртқы бояуын немесе дақ түсуден

сақтайтын болат қаптамасын

бүлдіреді.

• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап,

кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып

отырыңыз.

• шайып мұқият құрғатыңыз.
• Құрылғының артында орналасқан

конденсат құрылғысы (қара гриль) мен

компрессорды шөткемен тазалаңыз.

Желдеткіш торды бұлай тазалау

құрылғының жұмысын жақсартып, электр

қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.

Камераның ішіндегі түтікше немесе

сымдардың ешқайсысын тартуға,

қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.

Салқындатқыш жүйені бүлдіріп

алудан сақтаныңыз.

Тазалап болған соң құрылғыны электр

желісіне қайта қосыңыз.

5.2 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау

Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын

жағдайда мына сақтық шараларын

орындаңыз:
• құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
• барлық тағамдарды шығарыңыз
• мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны

және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз

• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/

есіктерді ашық қалдырыңыз.

Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса,

электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі

тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның

арасында бір рет бақылап қойып отыруын

сұраңыз.

5.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау

тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,

мотор компрессоры тоқтаған сайын

автоматты түрде шығарылады. Еріген су

құрылғының артындағы, мотор

компрессорының үстіндегі арнайы

контейнерге су шығатын саңылау арқылы

жиналады да, осы жерде буға айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды.

5.4 Тоңазытқыш қырауын еріту

Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші

жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге

жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда

құрылғының ішкі қабырғаларына да,

тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды

дегенді білдіреді.

Қыраудың болмауы автоматты түрде

басқарылатын желдеткіштің көмегімен

құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық

ауаның болуына байланысты.

54 www.electrolux.com

Advertising