Ақыл-кеңес, Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату – Electrolux ESF6710ROW Manuel d'utilisation

Page 33: Бағдарламаның соңы, 1 су жұмсартқыш

Advertising
background image

Кешіктіріп бастау функциясы бар

бағдарламаны бастау

1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз

келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24

сағат) көрсетілгенше қайта-қайта

басыңыз. Delay индикаторы жанады.

Бағдарлама индикаторы, бағдарлама

жолағы және функция индикаторлары

бұдан кейін көрсетілмейді.

3. Кері санақты бастау үшін Start түймешігін

басыңыз.
• Орнатылған бағдарлама мен

функцияларды көру үшін (Reset емес)

кез келген сенсорлық түймешікті

басыңыз. Орнатылған бағдарлама мен

функциялар бірнеше секунд

көрсетіледі.

Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама

басталады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашу

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті

жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен

бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату

1. Reset түймешігін орнатылған

бағдарламаның ұзақтығы көрсетілгенше

басып ұстап тұрыңыз.

2. Бағдарламаны бастау үшін Start

түймешігін басыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтатқан кезде орнатылған

функциялар да (Multitab

функциясынан басқа) біржола

тоқтайды. Start түймешігін баспай

тұрып функциялардың қайта

орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Бағдарламаны біржола тоқтату

Reset түймешігін бірнеше секунд басып ұстап

тұрыңыз.

Жаңа бағдарламаны бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бейнебетте 0:00 көрсетіледі.
• Бағдарламаның индикаторы сөнеді.
• Бағдарлама жолағының барлық

сегменттері тұрақты жанып тұрады.

1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе

Auto Off функциясының құрылғыны

автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.

2. Судың шүмегін жабыңыз.

Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан

кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал

келеді.

• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін

үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.

• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су

тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-

аяққа қарағанда тез салқындайды.

8. АҚЫЛ-КЕҢЕС

8.1 Су жұмсартқыш

Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан

келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі

мүмкін минералдар өте көп мөлшерде

кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды

бейтарап етеді.

ҚАЗАҚ

33

Advertising